Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"Гимнаст қыз бес метр биіктен құлап, жарақат алды. Оқиға орнынан оны жедел жәрдем алып кетті. Дәрігерлер бас жарақаты мен ми шайқалуы диагнозын қойды. Жалпы жағдайы – орташа ауыр, тұрақты", – деп хабарлады басқарма өкілдері.
Басқарма қазір зардап шеккен гимнаст қыздың көпжарақат алу бөлімінде жатқанын нақтылады. Көпжарақат алу (политравма) – бұл әрқайсысы арнайы емдеуді қажет ететін бірнеше жарақат жиынтығы.
Бұған ұқсас оқиға 2017 жылы елордалық циркте болған. Ол кезде акробат қыз үш метр биіктен құлап, өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттар алғаны хабарланған.
Фото: Көрнекі сурет Pixabay.com