Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан «Шанхай» базарында болған өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ ақпаратынша, өрт бүгін жоғары дәрежелі дабыл бойынша сөндірілді. Базар аумағындағы ангар типтес қойма отқа оранған. Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіру кезінде шатырды ашуға мәжбүр болды. Жұмысты оттың жойқын күші мен қатты түтін қиындатқан.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 82 қызметкері мен 21 техникасы жұмылдырылды. Шамамен сағат 18:00-де өрт оқшауланып, жарты сағаттан кейін толық сөндірілді.
Айта кетейік, бұған дейін, 8 мамыр күні Астанадағы ең ірі сауда орындарының бірі — «Шапағат» базарында да өрт болған. Ол кезде от бутиктердің бірінен шығып, келушілер эвакуацияланған еді.
Фото: ТЖМ