Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Сұлу Бөлек

  • 29.03.2025

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

"КТК" телеарнасының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға аудандық емхана ғимаратында болған. Күдікті марқұмның жұмыс кабинетіне баса-көктеп кіріп, бейжай отырған жерінде кеңірдегін орып жіберген. Қолын қанға малған қаскөй сол бойы ізін суытқан. Ал қанжоса болған әйелді емхана қызметкерлері ажалдан арашалап қала алмаған. Ол осы медициналық мекемеде заңгер болып жұмыс істеген.

Отыз жастағы марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы жетім қалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні көп ұзамай қамауға алды.

"Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған қылмыс бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды", - деді Атырау облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Айбек Шапихов.

Фото: Видеодан алынған кадр 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр