Атырау қаласының маңында жүк көлігі аударылып, мұнай төгілді
Автокөлік тас жолдан шығып кеткен

Атырау қаласының маңында мұнай тасымалдайтын жүк көлігі аударылды. Соның салдfрынан жерге мұнай төгілді,- деп хабарлайды Malim.kz.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 17 сәуір, кешкі сағат 19:00 шамасында болған.
Атырау қаласының Көктем шағын ауданы тұсында КамАЗ маркалы автокөлік тас жолдан шығып кетіп, жиекке аударылды. Соның салдарынан көлік цистернасынан мұнай өнімі төгілді. Төтенше жағдай департаментінің құтқаушылары болуы ықтимал өрт пен жарылыстың алдын алу үшін көбік шашты, - деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.
Аталған оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Апаттың салдарын қылпына келтіру түнгі сағат 22:50-де аяқталды.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен 12 қызметкер, 3 техника тартылды.
Фото: Атырау облыстық ТЖД