Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Сұлу Бөлек

  • 18.05.2025

Атырауда жалған ұтыс ойынын өткізіп, қаражат жинаған деген күдікпен жергілікті блогер ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

 Atyrau Online басылымының хабарлауынша, әйел әлеуметтік желіде лотерея ойнатып, қайырымдылық акцияларын өткіземін деген желеумен қолданушыларға "ақылды еденжуғыш", ас үй ыдыстары, тәттілер, алтын сияқты бағалы сыйлықтарды сатып алуды ұсынған, сондай-ақ көпбалалы отбасыға үйге алып беруге ақша жинауды бастаған.

"Әшекей бұйымдарды тиімді бағаға аламын деп үміттеніп, оған 83 мың теңге аудардым. Алданғанымды білген соң полицияға хабарластым", - дейді жәбірленушілердің бірі.

2023 жылғы қыркүйектен бастап ол ақшаны қайтарып алуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Оның айтуынша, блогер кез келген талапқа агрессивті түрде жауап беріп, "бермеймін, қайда барсаң, онда бар" деген.

Тағы бір арызданушы 485 мың теңгесін жоғалтқанын айтады. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер саны 50-ден астам болуы мүмкін.

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлімі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті қазір қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды онлайн ұтыс ойынына қатысу және бейтаныс адамдарға ақша аудару кезінде абай болуға шақырып отыр.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылды

22.04.2025
MalimBlocks
Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылды

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті