Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Сұлу Бөлек

  • 30.04.2025

29 сәуірде Атырауда  45 жастағы Бибігүл Шпанованың денесі өз үйінде табылды. Ол мұнай-газ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар NCOC компаниясының бөлім басшысы болған. Полиция мәліметтері бойынша, әйелдің денесінде пышақ жарақаттары анықталған, ал пәтеріндегі сейф ашылған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары Адам құқықтары бюросына жүгініп, жан-жақты тергеу жүргізуді талап етті. Олар қылмыстың оның кәсіби қызметімен байланысы болуы мүмкін деп есептейді.

Полиция 1987 жылы туған ер адамды ізін суытпай ұстағанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Адам өлтіру" бабы (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Бүгін Адам құқықтары бюросы Facebook-парақшасында ресми хабарлама жариялады. Онда Шпанованың ірі ұлттық жобаларға, соның ішінде Қашаған кен орнын игеруге байланысты жобаларға қатысқаны айтылған", - делінген басылымда. 

Оның қазасына байланысты Адам құқықтары бюросы бірнеше талап қойды:

  • - Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объектив тергеу;
  • - Барлық нұсқаны қарастыру, соның ішінде қылмыстың марқұмның кәсіби қызметімен байланысын тексеру;
  • - Отбасына толық әрі шынайы ақпарат беру, оның ішінде іс материалдарын қолжетімді ету;
  • - Тергеудің ашықтығы және барлық қатысы бар тұлғаны жауапкершілікке тарту.

"Соталды тергеу барысы Атырау облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге және жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырамыз", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Атыраудағы "Француз кварталы" тұрғын үй кешені, 2ГИС суреті

Байланысты жаналықтар

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

25.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

24.04.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025
MalimBlocks
Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

Шымкентте алты жасар баланың өлімінен кейін екі кәсіпкер қамауға алынды. Мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

Салдарынан бүлдіршін қаза тапты

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген