«Көшеде түнеген»: Атырауда балалар ата-анасынан ажыратылды

Атырау облысында 14 жастағы жасөспірім мен оның үш жасар қарындасына қатысты жағдай жұртшылықтың назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімнің үйіне кіре алмай, көшеде жүрген сәті түсірілген. Куәгерлердің айтуынша, оны ата-анасы тамақ пен темекі әкелуге мәжбүрлеген. Егер талап орындалмаса, үйге кіргізбеген.
Балалардың анасы ішімдікке әуес екені, ал ағасының жұмыссыз жүргені айтылды. Көршілердің сөзіне қарағанда, үйге мас адамдар жиі келіп, балалар қараусыз қалады.
Атырау облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.
«14 жастағы жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал үш жасар қыз бала сәбилер үйіне берілді. Ата-анасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген», – деп хабарлады ведомство.
Белгілі болғандай, бұл отбасы бұған дейін де балаларға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, анасының ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Фото t.me/atyrauoill

Ең көп оқылған
