457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуропада аптап ыстықтан бірнеше адам көз жұмды

Оңтүстік Еуропада шілденің 2-сі, сәрсенбі күні, жаңа аптап толқынының соңғы күнінде алғашқы өлім жағдайлары тіркелді. Францияда екі адам жоғары температура салдарынан әлсіреп, қайтыс болды. Бұл туралы елдің экология министрі Аньес Панье-Рюнаше BFM телеарнасына мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құтқарушылар 300-ден астам адамға медициналық көмек көрсеткен.

Испанияда да ыстықтан алғашқы өлім жағдайлары орын алды. Елдің оңтүстік-шығысындағы аймақта ата-анасы екі жасар баласын бірнеше сағат бойы күннің астында көлікте қалдырып кеткеннен кейін, сәби қайтыс болды. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

Сонымен қатар, Каталонияның Лерида провинциясында аптап салдарынан болған өрттен кейін екі адамның мәйіті табылды.

Маусым айының соңында Еуропаны жайлаған ыстықтың нақты құрбандарының саны кейінірек белгілі болады.

Сарапшылардың айтуынша, аптап толқыны салдарынан қайтыс болғандар саны едәуір көп болуы мүмкін. Мәселен, 2003 және 2022 жылдардағы ең күшті аптаптар Еуропада тиісінше 70 мың және 62 мың адамның мезгілсіз өліміне себеп болған.

Фото: Antonio Denti/REUTERS