БҚО аумағынан тағы да дрон бөлшектері табылды

Оқиға 24 наурыз күні болған

Malim Админ

  • 25.03.2025

Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шектесетін Жәнібек ауданында дронның сынықтары табылғаны жөнінде дерек тіркелді,-деп хабарлайды Malim.kz.   

Жәнібек ауданы әкімдігінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 наурыз күні Ұзынкөл ауылдық округі аумағында болды. 

Ауыл тұрғыны елді мекеннен шамамен 8 шақырым қашықтықта белгісіз ұшқышсыз ұшатын құрылғы бөлшектерінің табылғаны жөнінде хабарлаған.

Аталған оқиға бойынша тергеу тобы барып, қарау кезінде ұшқышсыз ұшатын құрылғының бөлшектері табылды. Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі уәкілетті қызметтермен бірлесіп, тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нысан елді мекеннен алыс жерден табылған.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Бұл – Батыс Қазақстан облысында болған үшінші оқиға. Бұдан бұрын 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы маңында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас құрылғы құлаған еді. Осындай жағдай 18 наурызда Тасқала ауданында қайталанды.

Фото: телеграм-канал Shot  

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады