"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Сұлу Бөлек

  • 12.04.2025

Былтыр Астана–Қарағанды бағыты бойынша қатынаған жүргізушінің үстінен жолаушылары "тиісті" деп шағым түсірді. Нәтижесінде ер адам 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Ондаған қыз такси жүргізушісінің қол жүгіртіп, тіпті есіктерді іштен құлыптап, көліктен шығуға мүмкіндік бермегенін айтты. Зардап шеккендердің бірі істі сотқа жеткізді.

Күдікті астаналық 38 жастағы кәсіпкер болып шықты. Ол әкімшілік кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша айыпталды.

Такси жүргізушісінің табылғанын "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының белсенділері хабарлады. Олар бірнеше зардап шеккен қызбен сұхбат жүргізіп, сұхбатты желіге жариялаған. Желтоқсан айында бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, желі қолдаушылары таксистің аты-жөнін жазба астында жазып қалдырды.

"Зардап шеккен қыздың айтуынша, оны шамамен 14 тәулікке қамаған. Қоғамдық айыптау, таксисті ашық әшкерелеу – әзірге жалғыз тиімді әдіс болып отыр", – дейді "Жаңа Адамдар" қозғалысының азаматтық "ТҰМАР" кампаниясының жетекшісі Ғалия Тузен.

Белсенділер Алматы тұрғындары арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 67%-ы таксиде жыныстық қысымға ұшырағандарын айтқан.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

12.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025
MalimBlocks
Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті