Германияда көз жұмған Айгүл Сайлыбаеваның енесі табылмай жатыр

4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген

Malim Админ

  • 13.09.2024

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Дармштадт қаласының (Германия) прокуратурасы ресми сауалға берген жауабында айтты деп хабарлады kaz.inform.kz.  


Қазіргі уақытта қамауға алынған ешкім жоқ, дәлелдер әлі де сарапталып жатыр.

«Тергеу амалдары жалғасуда, атап айтқанда, қосымша айғақтарды талдау қажет. Осыған байланысты тергеу әзірше аяқталмайды. Қамауға алынғандар да жоқ. Бұдан басқа, қазіргі уақытта туыстарының қайда екені туралы ақпарат жоқ», — деп түсіндірді аға прокурор Йоахим Хаусшильд.

Прокуратура тергеуге қанша қызметкер қатысқанын хабарламады.

Еске сала кетейік, азаптап өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.

Бұрынғы судьяның жоғалғанын оның інісі Қанат Сайлыбаев хабарлаған еді.

Артынша неміс полициясы ҚР азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне түсінік берді.

Бұған дейін 40 жастағы А.Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, соңғы уақытта Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.

4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды.

Немістің BILD басылымының хабарлауынша, әйелдің мәйіті полиэтилен қапқа салынған, өлім алдында азап көрген. Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды.

А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген. Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаева Алматыда жерленді.

Фото:  Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады