Кепілге алып, өлтіру. Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Марқұмдардың көршілері түнде үйден шықпай, қорқып отырғанын айтты

Malim Админ

  • 14.01.2025

Ақтөбеде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде марқұмдардың таныстары қарама-қарсы үйге кіріп, көңіл айтып жатыр.


Кеше түнде болған қылмыстық оқиға ақтөбеліктерді дүр сілкіндірді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал марқұмның көршілері түнде үйден шықпай, қорқып отырғанын айтып берді. 

Қалай болғанын білмеймін. Кешкілік полиция келіп, көлік көп жиналды. Сөйтіп айналасын қоршап қойды. 4-5 сағат болды полиция. Біз балаларды үйге кіргізіп жібердік. Оларды көп танымаймыз, тек сыртынан білемін,- деді Мәскеу ауданының тұрғыны Сәбит Шүйіншалиев.

Дәл осы маңда тұратын қала тұрғыны да полицияны көріп, қорқып, үйіне кіріп кеткен.

Кешкі тамақты ішіп, далаға шықтым. Сол кезде далада полиция толып тұрды. Ешкім ештеңе айтпады. Полиция «апа, үйге кіріңдер, қорықпаңдар, аманшылық» деді. Үйге қайта кірдік, көлікті аулаға қойдық. Біз ата мен әжені сыртынан білгенімізбен, танымаймыз. Түнімен ұйықтамадық. Бірдеңе сарт ете қалып, далаға шықтық. Көлік тұр. Адамдар шығарып жатыр сол кезде,- деді Маржан Тәжекенова.

Айта кетейік, Ақтөбеде түнде 75 және 67 жастағы қос қария көз жұмды.

Ал тірі қалған 40 жастағы әйел ауруханада ем алып жатыр.

Фото: диапозон порталы  

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады