Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Көкшетауда ер адам әйелінің жұмысына барып, оған пышақпен шабуыл жасаған. Әйел ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Malim.kz.
Әйелге жасалған шабуыл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға әйел жұмыс істеген микроқаржы ұйымының маңында болған.
"Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрмыстық жанжал кезінде жәбірленушінің күйеуі оған пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті жедел ұсталып, тергеу үшін полицияға жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тараған еді. Кадрлардан бірнеше ер адамның төбелесіп жатқаны көрінеді. Қақтығыс барысында ер адамдардың бірі қарсыластарының екеуіне пышақ салған. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді.
Фото: видео кадры