457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Махаббат аралына» жүзіп барған 7 адам қауіпке тап болды

Оқыс оқиға Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Ведомство мәліметінше, құтқарылғандардың арасында үш бала бар.

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайық пен катамаранмен «Махаббат аралына» жүзіп барған 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты — қатты жаңбыр мен дауылды жел кезінде — демалушылар жағалауға өздігінен қайта орала алмады. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында барлық азамат қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.

ТЖМ су айдындарында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райы болжамын алдын ала біліп баруға шақырады.

Фото: el.kz