Мектептің талын кесіп жатқан жұмысшы қаза тапты

Оқиға Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған

Malim Админ

  • 07.02.2025

Жамбыл облысында 51 жастағы мектеп жұмысшысы ағаштарды кесіп жатқанда құлап, оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиғаны облыстық Білім басқармасы растады, - деп хабарлайды Malim.kz. 


Ресми хабарламада 2025 жылғы 30 қаңтарда Байзақ ауданы Дихан ауылының тірек мектебінде техникалық қызметкер шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде жарақат алғаны, соның салдарынан көз жұмғаны жазылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса, уәкілетті органдар арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Оған Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департаментінің басшылығымен Байзақ ауданының білім бөлімі өкілдері қатысып жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Өз кезегінде Жаамбыл облыстық Полиция департаменті 51 жастағы жұмысшының қаза болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бұл бапта еңбек қауіпсіздігі ережелерін ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғаның заңбұзушылығы, соның салдарынан абайсызда адам өліміне әкелгені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Аталған бапқа сәйкес, кінәлі азаматты белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейін айырып немесе онсыз, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Фото: photogoroda.com  

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады