457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Миы шайқалған». Бір топ жасөспірім қызды жабылып ұрған

Ауыр жарақаттанған қыз ауруханада жатыр

26 қаңтарда "Гүлдер" саябағындағы мұз айдынында белгісіз себептермен бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған қызды аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыр жарақаттанған қыз бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер тексеріп,  қыздың бірнеше қабырғасы сынып, миы шайқалғанын анықтады, сондай-ақ оның тісіне салған брекеттері сынып кеткен.

Жанжалға қатысқан жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Осы факті бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілді. Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың да ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз хатшысы. 

Фото: Halyq Uni