Назарбаев мектебіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек

  • 27.05.2025

Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жағдайға байланысты ресми хабарлама таратты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (НЗМ) даулы жағдай болып, нәтижесінде 11-сынып оқушысы мектептен шығарылған. Бақылау кезінде оқушы аудиторияға ұялы телефон алып кіріп, емтихан өткізу ережесін бұзған. Мұғалім оның жұмысын жарамсыз деп танып, құрылғыны тәркілеген. Осы кезде оқушы мұғалімді боқтап жіберген. Бұл оқиға мектеп ішінде ғана емес, әлеуметтік желіде де қызу талқыға түсті. Оқиға педагогикалық кеңесте қаралып, 23 мамырда оқушының әрекеті ішкі тәртіп пен этика ережелерін бұзғаны үшін мектептен шығару туралы шешім қабылданған.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы біздің елімізде ұстаздың мәртебесі заңмен бекітілгенін, бұл – оның қоғамдағы орны ерекше екенін білдіретінін атап өтеді.

"Ұстаз – бала тәрбиелеп, ұрпаққа жол көрсететін ардақты жан екенін, сондықтан ата-ана мен оқушы тарапынан мұғалімге құрметпен қарау – ең алдымен адамгершіліктің белгісі екенін жеткізеді. Білімге сенім – сол білімді беріп отырған ұстазға сенуден басталады. Мұғалімнің абыройына күмән келтіру – бүкіл жүйенің беделін түсірумен бірдей", - делінген хабарламада.

"Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі педагогтің қадір-қасиетін төмендететін кез келген әрекетке қатаң сын көзқараспен қарайды. Сонымен қатар, бұл оқиғада оқушы өз қателігін түсініп, өкініш білдіріп отыр. Енді НЗМ бұл жағдайды тек ішкі тәртіппен ғана емес, сондай-ақ адамгершілік, кешірімділік пен нағыз ұстаздық ұстанымдарға сүйене отырып шешеді деп үміттенеміз. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселеге өзі жіті назар аударып, тиісті тапсырмалар берді. Министрдің нұсқауына сәйкес аталған мәселемен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және аймақтық департаменттің өкілдері айналысады. Министр "НЗМ" басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен сөйлесті. Басқарма төрағасы мәселені жеке қолға алғандығын, жағдайды жан-жақты қарап, не болғанын әділ бағалап, дұрыс шешім қабылдайтынына сендірді", – делінген хабарламада.

Фото: ult.kz

Байланысты жаналықтар

Назарбаев мектебіндегі дау: оқушыға қатысты соңғы шешім қабылданған

28.05.2025

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

27.05.2025

"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

20.05.2025

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025
MalimBlocks
Назарбаев мектебіндегі дау: оқушыға қатысты соңғы шешім қабылданған

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты