457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Назарбаев мектебіндегі дау: оқушыға қатысты соңғы шешім қабылданған

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мұғалімді балағаттаған оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткен. 

"Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді. Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, оқушы мектептен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ. Назарбаев Зияткерлік мектептері шәкірттерге әрдайым құрметпен қарап, қолдау көрсетуді және өзара сыйластыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасты басты қағида ретінде ұстанады. Дегенмен, мұғалімдерге құрметпен қарау – мектеп үшін өзгермейтін және қатаң сақталатын талап. Қоғамның бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенділік танытқанына алғыс білдіремін. Біз кері байланысты және ашық диалогты жоғары бағалаймыз", – дейді Әнуар Жанғозин. 

Ол қолдау көрсеткендерге алғыс айтты.

Еске салайық, 23 мамырда Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11-сынып оқушысы оқудан шығарылды.Жасөспірім емтихан барысында мектеп ережесін бұзып, мұғалімді балағаттаған. 

 

Фото: ult.kz