Никабқа заң бойынша тыйым салына ма? Балаева жауабы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева никабқа тыйым салуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты жеке заң жоқ, дегенмен Ішкі істер министрлігі желісімен әзірленіп жатқан норма бар.
"Бұған қатысты жеке заң жоқ. Бірақ Ішкі істер министрлігі тарапынан қаралып жатқан норма бар. Бұл норма никабқа тыйым салуды көздейді. Қазір бұл норма Мәжілісте. Мәжілісте өзінің тәртібі бар, менің білуімше, бірінші оқылымда талқыланып жатыр немесе талқылау аяқталған болуы мүмкін", – деді министр.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда ұлттық киімдердің рөлі туралы айтқан еді.
"Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек", - деді президент.
Фото: pixabay.com

Самое читаемое
