Өскеменде жас жігіт отбасы мүшелерін балталап өлтірді

Қылмысты жасыру үшін үйге қасақана өрт қойған

Malim Админ

  • 31.01.2025

Шығыс Қазақстанда жас жігіт өзінің отбасы мүшелерін қырып салды. Ол жақындарымен бірге ішімдік ішіп, оның соңы жанжалға ұласқан,-деп хабарлайды Malim.kz. 


Ашуға булыққан азамат бәрін балталап өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйді өртеген. Қасіретті оқиға Өскеменнің тыныш аудандарының бірінде болған. Түн ортасында өртеніп жатқан үйді сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі шақырылды. Алайда өрт сөндірушілер үйіндіні аршып жатқан кезде, жертөледен адамның жартылай күйіп кеткен денелерін тапты.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері өртенген үйдің 76 жастағы иесі, оның 69 жастағы азаматтық жары және 51 жастағы туысының мерт болғанын анықтады. Бірақ өлім өрттен емес еді – сарапшылар дене бас сүйектерінен балта тиген жарақаттарды байқады. Бұл жай ғана өрт емес, қасақана ұйымдастырылған жаппай кісі өлтіру екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол – осы үйде болған 27 жастағы жігіт. Тергеу барысында жігіттің өз атасын, оның жары мен тағы бір жақын туысын балталап мерт қылғаны анықталды. 

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Полицияның мәліметінше, кісі өлтірудің себептері мен барлық мән-жайларын анықтау мақсатында кешенді сараптамалар жүргізілуде.

Қылмысты жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.  Бұл іс ШҚО полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Қылмыс орнынан балта мен пышақ табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Қазір ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі – «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: pixabay.com  

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады