Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болып, суға құлап, өзенге ағып кеткен әскери қызметшінің денесі табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұл туралы Жетісу облысы ТЖД хабарлады.
"15 мамырда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға орнынан 15 шақырым төменде, Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан алып шықты. Тапқан кезде үстінде киімінің жартысы ғана болған. Денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 10 мамырда сағат 15:15 шамасында Жетісу облысындағы Көксу ауылы маңында 1989 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен арқан арқылы өтпек болғанда суға құлап, оны ағыс алып кеткен.
Өзеннен өтпек болған ер адам әскери қызметкер болып шықты. Бұл ақпаратты гвардиялық гарнизонның баспасөз қызметі растады.
Фото: Видео кадры