457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жетісуда полиция заңсыз вейп сатушыларын ұстады

Жетісу облысында тыйым салынған вейптерді саудалаған ерлі-зайыпты қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 22 тамызында болған.

27 жастағы жергілікті тұрғын вейптерді мессенджер арқылы сатып, жеткізуді курьерге тапсырған. Кейін оның жұбайы мен 28 жастағы ер адам ұсталды.

Тексеру барысында олардың автокөлігінен 275 электронды құрылғы тәркіленді. Сондай-ақ, тыйым салынған тауарды жеткізіп жүрген 20 жастағы таксист те қолға түсті.

Полицияның айтуынша, вейптер денсаулыққа зиян келтіріп, әсіресе жастар арасында тәуелділік тудырады. Мұндай өнімдерді сату және тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Фото: видеодан кадр