Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті

Сұлу Бөлек

  • 25.03.2025

 

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны куәгерлер Instagram-ға жүктеді. Кадрлардан өрттің "Нұрлы жол" автокөлік көпірі маңындағы далада болғаны көрінеді. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құрғақ шөп пен қамыс 24 наурызда сағат 13:31-де Қарабай ауылы маңында өртенген.

Оқиға орнына Павлодар облыстық ТЖД күштері мен құралдары, ауыл әкімдігіне қарасты өрт сөндіру бекеті, Павлодар орман шаруашылығының қызметкерлері және ерікті өртсөндірушілер жұмылдырылды.

"Өртті сөндіру барысында кейбір ошақтардың қолжетімділігі, көлік жолдарының болмауы және екпінді жел кедергі келтірді. Желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетті. Жалын толықтай 22:57-де сөндірілді. Жалпы, өрт 44 гектар аумақты шарпыды", – деді Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласы ТЖБ аға инженері Ернұр Шаймардан.

Тілсіз жаумен күреске 30-дан аса адам қатысты. Қазір өрт болған аумақ бақылауда, мамандардың айтуынша, оттың таралу қаупі жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Облыстық ТЖД өкілдері әдейі өрт қою немесе отқа ұқыпсыз қарау заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұл – биыл өңірдегі алғашқы алапат өрт. Айта кетейік, ол ыстық ауа райында емес, салқын күнде болған. Күндіз температура 4 градустан аспаған, ал таңертең аздап қар жауған.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

02.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

27.03.2025

Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

27.03.2025
MalimBlocks
Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

Куликов Ресейден жаппай мобилизация жарияланған соң кетіп, Алматыға көшкен