Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі.

"Бұл қарудың едәуір бөлігі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген). Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу деректері тіркелген.

Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.

ҰҚК

Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.

Фото: ҰҚК жариялаған видео скрині 

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда қанша генерал бар?

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген