457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы ерекше балаларға арналған орталық болады

Астанада ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім сарайы Білім министрлігіне берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

“Қайтарылған активтерді басқару компаниясының” баспасөз қызметі 2025 жылғы 5 қыркүйекте:

«Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес, тұрғын үй ресми түрде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығына” бекітілді», – деп мәлімдеді.

Министрлік өкілі Мереке Амангелдіқызы мұндай шешім балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерінің көбеюімен байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел бойынша арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының желісі кеңейтіледі.

«Басты орталық Алматыда орналасады, ал барлық өңірлерде, соның ішінде Астанада да филиалдар ашылады», – деді ол.

Министрліктің мәліметінше, бұл тәсіл бірыңғай ғылыми-әдістемелік база қалыптастырып, мамандарға, ата-аналарға және балаларға қолайлы жағдай жасайды әрі арнайы білім беру ұйымдарының тиімділігін арттырады.

Фото: e-kazyna.kz