Қарағанды – Астана жолында мыңнан аса көлік тұрып қалды (ВИДЕО)

Оларды полиция қызметкерлері діттеген жеріне жеткізді

Мәди Саматұлы

  • 15.12.2024

Қарағанды облысының полицейлері жолда қалып қойған жүздеген көлікті діттеген жеріне жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, кеше Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.

Облыс аумағында мыңнан астам көлік жолда қалды. Әсіресе, Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналды, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін апарған. Сондай-ақ, Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына 1 мың көлік қауіпсіз түрде жеткізілген.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды