Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Мемлекет пайдасына тәркіленуге жататын Volvo жүк көлігі тоналды және Mercedes автокөлігі жасырылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Алматы облысы прокуратурасы айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктердің тоналғанын анықтады.
Жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын «Volvo FH» маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған.
Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған.
Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру дерегі ашылды.
Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған.
Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған.
Бұл бұзушылықтар туралы соталды тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды.
Фото: Pixabay.com