Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Сұлу Бөлек

  • 19.05.2025

Шымкентте университеттегі ақша жымқыру схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Кімдер ақша жымқырған?

Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.

Шығын сомасы 

Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгеге жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.

Бұл жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңгеге коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.

Тергеу нәтижесі

4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Фото: видео кадры 

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды