Риддердегі ЖЭО-да жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

Дегенмен қалаға жылу беру тоқтаған жоқ

Мәди Саматұлы

  • 21.12.2024

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында газбен дәнекерлеу жұмыстары барысында газ-ауа қоспасы жарылған, деп хабарлайды Malim.kz.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне қарағанда, жұмыс көмір беретін транспортерде жүргізілген. Салдарынан 6 адам зардап шеккен. Олар жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен біреуі әлі ауруханада.

Мен жылу орталығына барып, кәсіпорын басшылығымен, жұмысшыларымен кездестім. Жағдайды толық бағалау үшін барлық қазандық пен негізгі жабдық қосымша тексеріледі, деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.

Қазір станса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жабдықтарда ақау байқалмайды. Сондықтан Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтатылмайды. Қазір жылу электр орталығындағы мамандар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп бастаған.

Осы ретте Риддер тұрғындарының бұл жағдайға түсіністікпен қарауын және жалған ақпаратқа сенбеуін сұраймын, деді облыс әкімі.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Жақында босанған: Риддерде жас ана қошқар көтеру сайысында жеңіске жетті

24.03.2025

Түркістан облысында АГҚС-тағы жарылыстан адамдар қаза тапты

22.03.2025

Ермек Көшербаев вице-премьер болып тағайындалды

14.02.2025

Астанадағы ескі вокзал маңында жарылыс болды

14.02.2025

АҚШ-та Tesla электрокарының жарылған сәті бейнежазбаға түсіп қалды

02.01.2025
MalimBlocks
Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Жақында босанған: Риддерде жас ана қошқар көтеру сайысында жеңіске жетті

Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мерекесін тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды. Ол қошқарды 100 рет көтерген

Түркістан облысында АГҚС-тағы жарылыстан адамдар қаза тапты

Түркістан облысында автогаз құю станциясында (АГҚС) жарылыс болып, екі адам көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды

Ермек Көшербаев вице-премьер болып тағайындалды

Астанадағы ескі вокзал маңында жарылыс болды

АҚШ-та Tesla электрокарының жарылған сәті бейнежазбаға түсіп қалды

Полиция оның теракт болған-болмағанын анықтап жатыр