Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО әкімі: Шахтада қаза тапқан жұмысшыларға барлық көмек көрсетіледі

Оқиға
ШҚО әкімі: Шахтада қаза тапқан жұмысшыларға барлық көмек көрсетіледі

Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбастарына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетейік, 31 тамызда шамамен сағат 17.30-да ШҚО-дағы Ертіс шахтасында төрт жұмысшы қаза тапты. Марқұмның екеуі аталған шахта жұмысшылары, тағы екеуі мердігер ұйым жұмысшысы. 

Алдын ала болжам бойынша, төрт адам қаза тапқан қайғылы жағдайға газдан улану себеп болған. Тағы бір жұмысшы ауруханада жатыр.

Сондай-ақ, 1-қыркүйекке қараған түні ШҚО-дағы Артемьев шахтасында тас құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қаза тапқан.

Фото: Интернеттен


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу