Шерзат Болат оқиға түні қандай жарақат алған?

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы басталды,

Сұлу Бөлек

  • 17.04.2025

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Прокурор Дана Сәрсенбай оқиға түні не болғанын егжей-тегжей айтып берді. "Қамажай" дүкенінің алдындағы төбелестен кейін Қаржаубай Нұрымов көлігіне баласы Шерзат пен бауыры Нұрқанатты салып алып, жан ұшырып Талғар ауданының орталық ауруханасына жеткізген", - деді ол. 

Медициналық сараптамаға бойынша, Шерзаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтан кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген жарақаттың салдарынан дамыған ауыр қан жоғалтудан болды. Өлім 2024 жылғы 4 қазанда сағат 01:30-да Талғар орталық ауруханасының стационарында расталған.

Шерзат Болаттың денесінде анықталған жарақаттар аталды, алайды бұл өлімге себеп болмаған.

Мәйітті зерттеу кезінде келесі дене жарақаттары анықталған:

  • ішкі және сыртқы қан кетуін тудырған сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің зақымдалуы мен гемматорекс,
  • қуысында 1500 миллиграм деңгейінде қанның болуы,
  • сол жақтағы кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген және бұл өмірге қауіп төндіретін және жәбірленушінің өлімімен тікелей себепте байланыста болатын денсаулыққа ауыр зиян келтірді.
  • Бұл дене жарақаты стационарға келгенге дейін шаншу, кесу қасиеті бар заттың әсерінен туындаған.
  • Сыртқы дене жарақаттары:
  • сол жақ желке аймағында бастың көгеруі,
  • төменгі қабаққа және оң жақ аймаққа ауысатын оң көздің ішкі бұрышында үшінші саусақ фалангасы деңгейінде,
  • оң қолдың екінші және үшінші саусақтарындағы негізде,
  • оң көздің төменгі қабағында,
  • оң жақтағы дигомитикалық аймақта,
  • сол жақ ерін аймағында,
  • оң білектің төменгі ішкі бөлігінде, алдыңғы бетінде,
  • бесінші саусақтың негізгі фалангасының сол жақ қолының артқы бетінде,
  • ол жіліншіктің жоғарғы үштен бірінің сыртқы бетіндегі сызаттар ауруханаға түскенге дейін тұйық,
  • қатты заттың күшінің әсерінен және жәбірленушілерге,
  • күдіктілерге және басқа тұлғаларға денсаулығына келтірілген зардапты анықтау мақсатында сараптамаға сәйкес,
  • аталған жарақаттар денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына әкелмейді. 

Бұған дейін не белгілі болды?

Шерзат Болаттың отбасының заңды мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты қорғаушы қорғайтын болады. Олар – Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы және Бекзат Мязов. Бүгінде істі Бишімбаевтың соты сияқты жалпыхалыққа түсіндіре отырып, өтуін сұрап отырғандар көп. Олардың ішінде айыптаушыларға жеңіл жаза беріле ме деген пікір де жүр.

Оқиға қаша болды?

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жасөспірім қатыгездікпен өлтірілді.16 жастағы Шерзат Болат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде сатып алушымен жанжал басталған. Сатып алушы таныстарына хабарласып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын пышақ және мылтық қолданып, соққыға жыққан. 

Фото: Әлеуметтік желіден 

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Шерзат Полаттың әкесі : "Хуторский дегенде сескендік, олар ойлағанын істейді"

18.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Ұлымның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім - Шерзаттың анасы

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі

18.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Шерзат Полаттың әкесі : "Хуторский дегенде сескендік, олар ойлағанын істейді"

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол күнгі оқиғаға тоқталды

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Ұлымның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім - Шерзаттың анасы

Талғарда бір топ баланың қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиева оқиға болған түн туралы айтып берді

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі