Шерзат ісі: тергеу барысындағы видеолар көрсетілді

Сұлу Бөлек

  • 23.05.2025

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырысында куәгер Алдияр Махметтің күдікті Шынасыл Абзалдың беттестіру кезіндегі видео көрсетілді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Алдияр Махмет Шынасыл Абзалды танымайтынын, бұрын көрмегенін айтты. Ол оқиға болған күні күдіктіні алғаш көрген. 

"Біз шетте тұрдық. Мен, Нұрдәулет, Ахмет, Мирас бәріміз "Қамажай" дүкеніне бардық. Дүкеннің алдында Нұрғанат аға және тағы екі еркек тұрды. Бір уақытта Accent көлігі келді. Машинадан үш жігіт түсті. Біз камераға көрінбейтін жерге, шетке шығып кеттік. Бір кезде Mercedes Benz W140 көлігі келді. Сол уақытта бізге Абзал келді, қасында 2-3 жігіт бар. Ол "Қайсысың менің бауырымды ұрған?" деді. "Біз емес" деп жауап бердік. Ахмет"Ана жақта ағасы тұр, сонымен сөйлес" дегенде, Абзал Ахметтің жағынан ұрды. Ахмет есін жоғалтып, талып қалды. Сол кезде Нұрғанат келіп, Ахметті көтерді. Одан кейін Ахмет екеуіміз артқа екі-үш қадам жасадық. Сонда Абзал Нұрғанаттың басының артқы жағынан екі рет ұрды. Сөйтіп Нұрғанат құлайды. Сол кезде Нұрғанатты тепкілей бастайды. Бір уақытта үш жігіт пышақ алып артымыздан қуып кетті. 50 метрге дейін қуды. Біз бір көшеге кіріп кеттік", – деді Алдияр Махмет. 

Сондай-ақ, Алдияр Махмет Шынасыл Абзалдан пышақ көргенін айтты. Күдікті Шынасыл Абзал куәгердің жауабымен келіспейтінін айтты.

Фото: Жоғарғы сот 

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Шерзат ісі бойынша сотқа қатысушылар тікелей эфирде жер сілкінісін сезді: видео

23.05.2025

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

Шерзат ісі: Нұрғанат Ғайыпбаев Шерзатқа шабуылдағандарға оқ атпағанын айтты

23.05.2025

Шерзат Болат ісі: оқиға орнында түсірілген куәлердің видеолары көрсетілді

22.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025
MalimBlocks