СҚО-да өрт шығып 2 адам қаза тапты

Отбасының қалған мүшелері әлі табылған жоқ

Malim Админ

  • 23.01.2025

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ступинка елді мекенінде жеке тұрғын үй өртке оранды, - деп хабарлайды Malim.kz. 

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабар түнде түскен. Газ баллонының жарылуына байланысты  шатыр мен төбе жабыны опырылды. 

Өрт сөндірушілер келгенде үй жалынға оранып үлгерген. Қазіргі уақытта өрт орнында 2 адамның денесі табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр.

Отбасының қалған мүшелері әлі табылған жоқ. 

Бүгінде мамандар тілсіз жауды оқшаулады. Өрттің ауданы шамамен – 104 шаршы метр. 

Фото: СҚО ТЖД 

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады