СҚО-да үй өртеніп, екі ересек адам мен үш бала көз жұмды

Олардың денелерін өрт сөндірушілер алып шыққан

Мәди Саматұлы

  • 23.01.2025

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступинка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Бұл туралы жергілікті МТРК телеарнасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртке оранған, соның салдарынан шатыр мен төбе жабындары опырылып түскен.

Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан екі ересек адам мен үш баланың денелері табылған, олардың жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Құтқарушылар өртті оқшаулады. СҚО ТЖД күштері мен құралдары және өрт сөндіру бекетінің көмегімен жалпы ауданы 104 шаршы метрді құраған өрт толығымен сөндірілді. ТЖД психологтар тобы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шұғыл психологиялық көмек көрсетті, деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Оқиға орнында СҚО ТЖД бастығы Аскаров Ж.С. және тергеушілер мен ТЖД өрт сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

09.04.2025
MalimBlocks
Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты