СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Malim Админ

  • 16.05.2025

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің № 51 мекемесінде сотталғандар көтеріліп, өздеріне жарақат салды. 

Бұл туралы СҚО № 51 мекемесі мәлімдеді. 

14 мамыр күні таңертең біздің ата-аналар чатына «6 отрядта не болғанын естідіңдер ме?» деп жазды. Оқиғаның нақты қашан болғаны белгісіз. Түнде отрядқа қызметкерлер жүгіріп кіріп, ұйықтап жатқан оларды ұрған, мазақ еткен. Жазасын өтеп жатқан балалар өздерін жарақаттаған. Қансырап жатқан біреуіне ешкімді, өздерінің медқызметкерлерін де жақындатпаған. Қалай екенін білмеймін, біреуі жедел жәрдем қызметін шақырып, оларды 3 сағат бойы кіргізбей сыртта ұстаған дейді. Біздің естуімізше, 15 адам өзін жарақаттаған. Бірнешеуінің фамилиясын да білеміз, - дейді баласының жағдайына алаңдаған ана.

Ата-аналардың айтуынша, қазір бір жазасын өтеуші Петропавлдағы емдеу мекемесінің бірінде, реанимацияда жатыр. Оған ота жасалды. 

Анасы бүгін ауруханаға барады. Ол оқиғаның болғанын растап отыр. Ал бізге бәрі тыныш, ештеңе болған жоқ деп айтады. Бүгін түнде оларды барактан бір жаққа төсек-орнымен шығарды деп естідік. Баламыздың жағдайын біле алмай отырмыз. Қанша жасырғанымен шет жағасын естіп жатырмыз ғой, — дейді жазасын өтеушілердің бірінің анасы.

Әйелдің айтуынша, бір ай бұрын осы түзету мекемесінде жазасын өтеушілер қазіргі жағдайға наразылықтарын білдіріп, көтерілген. Бірақ ол жолы жергілікті деңгейде мәселе шешілген.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы дерекке қатысты жауап берді.

СҚО № 51 мекемесінде үш сотталушыдан тыйым салынған заттар тәркіленді. Мекеме режимімен келіспеген сотталғандар өздеріне дене жарақатын салды. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Олардың бірі бөгде затты жұтып қоюына байланысты қалалық ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, — делінген ресми жауапта.

Фото: Pexels


 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды