ШҚО-ның бір ауданында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді

Malim Админ

  • 20.02.2025

Катонқарағай ауданында мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде пилоттық режимде жаңа жұмыс кестесі енгізілді, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Енді аудандағы 40 мекеме аптасына бес күн сағат 08:00–ден 17:30–ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін. Мұндай жұмыс режиміне көшу туралы шешім тұрғындармен болған талқылаулардан кейін қабылданып отыр. 

Желтоқсан айында ауданға бір топ облыстық басқармалар басшылары келіп, соның ішінде Өрел, Аршаты, Берел, Жамбыл және тағы басқа жиыны 18 елді мекенде кездесулер өткізді. Кездесулер барысында жұмыс күнінің басталуын таңғы сағат 08:00–ге ауыстыру жайы сөз етілді. 

Жаңа жұмыс уақыты климаттық жағдайлар мен жергілікті тұрғындардың өмір ырғағын ескере отырып, өнімділіктің артуы мен өңірдің дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрғындардың пікірлері ескерілді, — деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімінен.

Катонқарағайлықтар да бұл жұмыс кестесінің өздеріне қолайлы екенін айтып жатыр.

Фото: Pixabay.com

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады