"Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр". ІІМ пікір білдірді

Жамбыл облысында мессенджерлерде "Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр" деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек

  • 02.04.2025

Жамбыл облысында мессенджерлерде "Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр" деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

1 сәуірде қалалық саябақ маңынан басы жаншылған ер адамның мәйіті табылды. Осы жағдайдан соң  мессенджерлерде қорқынышты хабарлама тарай бастады.

"Әлеуметтік желіде "Таразда балға ұстаған маньяк жүр, құрбан болғандар бар" деген ақпарат тарап жатыр. Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінен ер адамның мәйітінің табылуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", – делінген мәлімдемеде. 

Департамент қазір күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті тергеу-жедел шаралардың толық кешені жүргізіліп жатқанын айтты. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Фото: pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Таразда депутат соққыға жығылды

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды