457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Таразда қыз баланы қорлаған сәт камераға түсіп қалды

Камераға іліккен кадрларда бірнеше жасөспірімнің қызды еденде сүйреп, бір бөлмеге апарып кіргізгені анық көрінеді. Кейін қыз бала шалбарын киюге тырысып жатқаны, ал айналасында жасөспірімдердің топталып тұрғаны түсіп қалған. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Қорлау әрекеті жазылып қалған бейнежазба бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде пайда болып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алайда бүгін Тараздағы кейбір пабликтер белгісіз себептермен бұл жарияланымдарды өшіре бастады.

Соған қарамастан, ақпарат құзырлы органдарға жетіп үлгерді. Бұл жағдайға оқиға болған мектеп-интернат басшылығы ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдары да назар аударды.

Білім басқармасы бұл оқиға Тараз қаласындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатта болғанын растады. Мамандар тарапынан оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілген.

2025 жылғы 5 сәуірде болған оқиға бойынша мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Оқиға туралы құзырлы органдарға уақтылы хабарламағаны үшін мектеп-интернат директоры да Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, директорға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін Жамбыл облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс жолданды, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл оқиғаға құқықтық баға беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: Canva

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00