Таразда 14 жастағы оқушыны пышақтап өлтірді

Таразда жаңа оқу жылының алғашқы күні 14 жастағы оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның деректеріне сәйкес, жасөспірімді қаланың бір шағын ауданынан тауып алған.
Алдын-ала ақпарат бойынша, соққы жүрек тұсына тиген.
Жамбыл облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - деді полиция.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ең көп оқылған
