Ұшақ апаты: Қаза тапқан қазақстандықтар туралы белгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 25.12.2024

Вице-премьер Қанат Бозымбаев 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаза тапқан алты қазақстандықтың төртеуі - Маңғыстау облысының, біреуі - Қостанай облысының және біреуі - Астананың тұрғыны, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Ол барлық өңірмен тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Отбасыларға, оның ішінде мәйіттерді жеткізуге, жерлеуге қажетті көмек жүз пайыз көрсетіледі. Сондай-ақ заң бойынша талап етілетін барлық төлем және әкімдік арқылы басқа да көмектер толық көлемде және дереу көрсетіледі. Ертең таңертең осы жұмыстардың барлығы орындалады. Бұл менің жеке бақылауымда", - деді Бозымбаев.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Бакуден Грозныйға бет алған Embraer 190 ұшағы Қазақстанның әуе кеңістігіне сағат 11:02-де кірген. Содан кейін қазақстандық тараптан қонуға рұқсат сұрап, диспетчерге ұшаққа құстар соғылғаны туралы хабарлаған.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады