Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Сұлу Бөлек

  • 19.05.2025

Алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша күдікке ілінген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның Елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясынан алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қазақстандықты экстрадициялады.

Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген.

Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған.

Соталды тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Биыл ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, күдіктінің экстрадициясы Қазақстан Бас прокуратурасы жасасқан Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы экстрадициялау туралы келісімнің арқасында мүмкін болды.

Фото: видео кадры 

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

26.04.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді