Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

Маңғыстау облысында жауын-шашыннан жиналған судан аулалар мен көшелерді су басты

Сұлу Бөлек

  • 23.03.2025

Маңғыстау облысында жауын-шашыннан жиналған судан аулалар мен көшелерді су басты, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Мұнайлы ауданын су басу мәселесі оншақты жылдан бері жыл сайын қайталанып келе жатқан жағдай, жауын-шашынға жер асты сулары қосылып тұрғын үйлерді су басты. Билік оны шешуге уәде беріп отыр, бірақ әзірге ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жоқ. Ал ауыл тұрғындары орасан зиян шегіп отыр. Бұл жолы да әкімдік жоба әзірленіп жатқанын хабарлады, алайда қаражат әлі бөлінбеген» - деп жазады жергілікті басылым.  

Басылым мәліметінше, Мұнайлы ауданының тұрғындары облыс әкімдігінің Telegram-чатына су басқан үйлердің бейне жазбасын үздіксіз жіберіп жатыр. Ақпаратқа қарағанда, су толы аулаларды есепке алмағанның өзінде жаңбыр суы үйлердің қабырғаларына сіңіп жатыр. 

Жергілікті халық  мереке күндері өз аулалары мен шаруашылық құрылыстарын және тұратын үйлерін құрғатумен әлектеніп кеткен.

Мұнайлы ауданының әкімдігі хабарлағандай, жауын-шашынға жер асты сулары қосылып, су ағатын 14 жүйе су көлемін көтере алмай отыр екен.

«Жауын-шашын басталысымен Атамекен ауылдық округінде арнайы техника мен мамандар көмегімен көшелер мен аулалар, су ағатын жүйелер тазартылуда. Халық мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдігі және тиісті мекемелер барлық қажетті шараны қабылдайды. Бұл жұмыс аудан әкімінің күнделікті жеке бақылауында», - деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Видеодан алынған скрин abai.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді