1 қазанға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады

Malim Админ

  • 01.10.2024

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 1-і күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен күн құрғақ және жылы болады.


Тек атмосфералық ағын әсер етіп отырған елдің оңтүстігінде ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді, солтүстігінде, оңтүстік шығысындағы таулы аудандарда тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында өрт қаупі сақталады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото:  Kazinform  

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

07.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды