457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

15 маусымда қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

«Қазгидромет» 2025 жылғы 15 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның батысы, солтүстік-шығысы мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Жалпы республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Сонымен қатар, күндізгі уақытта бірқатар өңірлерде қатты аптап ыстық сақталады.

Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: freepik.com