16 маусым ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 16 маусым, дүйсенбіге арналған республикалық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклон және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.
«Дүйсенбі күні еліміздің шығысында қатты жаңбыр күтіледі, ал солтүстік пен орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың көптеген өңірлерінде желдің күшеюі болжанады», – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Қызылорда және Түркістан облыстарында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +44°С-қа дейін көтеріледі.
Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды облысының батысында, сондай-ақ Маңғыстау облысының оңтүстігі мен солтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі: +35...+39°С.
Фото: freepik.com

Ең көп оқылған
