457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

20 млн айлық талап еткен депутат Базарбек сынның астында қалды

Ең төменгі жалақыны 85 мың деп бекіткен Бақытжан Базарбек деп айтылады

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров мәжіліс отырысында анасын мерейтойымен құттықтағаны үшін өзін сынағандарды аналарын құрметтемейді деп айыптады. 

«Қарсы шығатындар — аналарына құрметі жоқ адамдар», – деді Назаров сәрсенбі күні мәжіліс кулуарында, сынды қызғанышпен айтты деп айыптап.

Сонымен қатар, депутаттың сайлаушылар тарапынан айтылған сынға бей-жай қарайтыны белгілі болды.

«Көре берсін, айта берсін, жаза берсін — ол мен үшін маңызды емес, мен оған ешқандай реакция білдірмеймін, әркім өз деңгейінде», – деді Назаров.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйекте КазТАГ агенттігі мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Ардақ Назаровқа қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының сынын жазған болатын. Олар Базарбектің 20 млн теңге жалақы алуым тиіс деген мәлімдемесіне және Назаровтың парламент мінберін туысына арнау үшін пайдалануына наразылық білдірді.

Қолданушылар Базарбектің айына ондаған миллион теңге жалақы алғысы келген «тәбетін» атап өтіп, оның бұл талабын ең төменгі жалақы деңгейімен салыстырды. Еске сала кетейік, 2025 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, ал Базарбек бұл көрсеткішті республикалық бюджетте бекіткен депутаттардың бірі. Сонымен қатар, 11 қыркүйекте депутаттар мен парламент қызметкерлеріне бір жылда шамамен 8 млрд теңге төлеу жоспарланып отырғаны белгілі болды.  

Фото: instagram.com/mazhilis.kz