457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылдан бастап қажылыққа баратындарға жаңа талап енгізіледі

Сауд Арабиясы 2026 жылдан бастап қажылыққа баруға ниеттілер үшін жаңа ереже енгізді, деп хабарлайды Malim.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Енді қажылық визасы тек Nusuk платформасы арқылы берілген ресми медициналық анықтамамен ғана рәсімделеді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, денсаулығы медициналық құжатпен расталмаған адамдарға қажылыққа баруға рұқсат етілмейді.

Мекке мен Мәдинаға сапар шегуге келесі аурулары бар азаматтарға тыйым салынады:

- диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігі;

-жүрек жеткіліксіздігі;

-үздіксіз оттегін қажет ететін өкпе аурулары;

-бауыр циррозы;

-кәрілік деменция.

Бұл шара қажылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында қабылданған.

Фото: aljazeera.com