Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

Оның үстінен елуден астам адам шағым түсірген.

Сабина Асқарқызы

  • 10.04.2025

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашев алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл жағдай қажылыққа бара алмаған туристердің шағымынан кейін туындады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.

Елуден астам адам Мекке мен Мәдинаға ұша алмай, Qazaq Travel компаниясының үстінен шағым түсірген. Рейс алдында бір күн бұрын билеттер мен қонақүй броньдалмағаны анықталған. Ал олардың әрқайсысы жолдама үшін шамамен 500 мың теңге төлеген. Данияр Имашев дәл осы жолдамалар сатумен айналысатын компанияның атқарушы директоры.

Жаннұр Жөкетай есімді азаматша компания директоры Данияр Имашев үш күн ішінде ақшаны қайтаруға уәде бергенін, бірақ бұл уәдеге сенімсіздік білдіріп отырғанын айтты. Қажылыққа жете алмағандар қазір бірінен соң бірі полицияға шағым түсіруде.

Осы мәселеге байланысты полиция алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, үш күдіктіні тергеуге алды, олардың қатарында Данияр Имашев та бар. Өзі үнсіз қалуды құп көргенімен, оның әкесі Балғынбек Имашев бұл жағдайды әуе билеттері мен қонақүй бағасының қымбаттауымен түсіндіріп, ешқандай алаяқтық жоқ деп сендірді.

Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақ бағасы, қонақ үй қымбат болып кетті. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, қызметте болуға талпынып жатыр, деді танымал айтыскер.

Фото: instagram.com/balgynbek_imash

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

17.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған