25 жыл бойы асыранды екенін білмеген қыз ата-анасын іздеп, көпшіліктен көмек сұрады

Қазіргі таңда Айдананың өзі Ақтау қаласында тұрмыста, төрт баласы бар екен. 

Malim Админ

  • 23.05.2024

25 жыл бойы жетім екенін білмеген Айдана Естенбаева есімді қыз ата-анасын іздейді. Ол өзінің тастанды екенін 2012 жылы бауырына басқан ата-анасынан естіген. Биологиялық анасы берген есімі - Марианна екен. Осы күнге дейін өзінің тегін, туған анасын, әкесін білмей күн кешіп жүрген қыз көпшіліктен көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ”Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Айдана 1988 жылы 2 сәуірде Тараздағы перзентханада дүниеге келіпті. Көп ұзамай “Үміт” сәбилер үйіне өткізілген. 

Ол басында іздеймін деп маған қағаздарды берді. Ол кезде жас болған соң қалай іздейтінімізді білмедік. Қағазда тек Мақашева. Ш., 1970 деп жазылған. Туу туралы куәлігіне Абдулина Мариана Көңілқосовна деп қалдырған. Ол “мен қазақпын ба, ұлтым кім” деген сұрақтарға бас қатырды. Мақашева. Ш дегенге іздеу салсақ, Қазақстан базасында мүлде жоқ, – дейді Айдананың құрбысы Бақытгүл Әділова.

Айдана Естенбаеваны қазіргі ата-анасы 1991 жылы үш жасында асырап алған. Ол өзінің жетім екенін 10 жасында білген. Қазіргі таңда Айдананың өзі Ақтау қаласында тұрмыста, төрт баласы бар. 

Өз ата-анамды іздеуді 2012 жылдан бастадым. Жолдасым да қолдады. Биологиялық анам осы батыстың төңірегінде деп естідім. Жүрегімнің түбінде анамды табатыныма сенемін. Көп адамдар мені түсінбейді. “Бақты, қақты, рақметі қайда?” деп айтады. “Бала тапқандікі емес, баққандікі” деп жатады. Шынымды айтайын мені бағып-қаққан ата-анама, бауырларыма ризамын. Бірақ бәрібір де адамда “бір кем дүние-ай” деген болады. Бірдеңе жетіспей тұрады. Ешкім баласын жайдан жай тастап кетпейді ғой. Мен“қайдан келдім, ата-анам кім?” деген сауалға жауап тапқым келеді. Мүмкін оның да басында бір қиын жағдай болған шығар. Ешкім баласын себепсіз тастап кетпейді, – дейді Айдана. 

Айдана анамның тірі болғанын қалаймын, өз көзіммен көріп, құшақтағым келеді дейді.

Қазір тірі я қайтыс болып кетті ме деген сауал 50-де 50 болып тұр. Тірі болғанын қалаймын. Көргім келеді. Анам қазір орта жастағы, ақыл тоқтатқан... мені іздеп, көргісі келетін шығар деп ойлаймын. Маған асырап алған анам “Айдана” деген есім берді. Ал негізгі, шын есімім “Марианна” болған, – деді Айдана. 

“Үміт” сәбилер үйінің қызметкерлері Құлпынай Айтназарованың сөзінше, “Марианна”деген есім сол кезде теледидардан көрсетіліп жатқан “Байлар да жылайды” деген телехикаядан алынған екен. 

Ол кезде “Марианна”, “Изаура” деген кинолар болып жатты ғой. Соған қарап перзентханада балалардың есімі солай қойылып кетіп жатқанын білемін. Бізге ол жақтан 7-8 күнде, шақалақ күйінде келеді. Біз қазақилығымызға салынып... олардың сәби күнін ұмытпаймыз. Қырқынан шығарып, шашын, тырнағын алып, қырықтыққа суға түсіріп, шомылдыратынбыз, – деді “Үміт” сәбилер үйінің қызметкері Құлпынай Айтназарова.

Сәбилер үйінің тәрбиешісі ол заманнан тек “Марианна” деген есімді еске түсіре алды. Ол кезде мекемеге өте көп бала түскендіктен басқа мәлімет есте жоқ дейді.

Бала күндегі суреттеріне қарап танысымды көргендей болдым. Бірақ сол жылдары сәбилер үйіне түскен балалардың санында есеп болмады. Өте көп еді. Балалар да біраз қиыншылық көрді. Бәріміздің күш-қуатымыздың арқасында аман қалдық. Сондықтан ол сәтті еске түсірудің өзі қиын, – деді “Үміт” сәбилер үйінің тәрбиешісі Радимхан Харсиева. 

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған адам ұсталды

21.11.2024

Бір аптадан бері жоқ. Өскемендік 18 жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр

19.11.2024

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

18.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024
MalimBlocks
Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бір аптадан бері жоқ. Өскемендік 18 жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр

Әнел Ерік 12 қараша күні Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

5 қараша күні Ақтаудағы № 24 мектебінде оқушылар қатарласын ұрған болатын

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған