73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

Malim Админ

  • 24.02.2025

Назарбаев Университетінен шу шықты. Жоғары аудиторлық палата университеттің 73 миллиард теңгені тиімсіз пайдаланғанын анықтады, сонымен қатар 500 миллион теңге көлеміндегі қаржының мақсатсыз жұмсалғанын да тіркелді. Бұл туралы «Азаттық» сайты көлемді мақала зертету мақаласын жариялады.

Оқу орнының алғашқы президенті Шигео Катсу қазіргі басшылықты жемқорлыққа жол берді деп айыптап, студенттерге қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

Ал бұрынғы басшының пікіріне: "Университеттің бұрынғы президенті Шигео Катсудың хатына келсек, ол мемлекеттік органның пікір білдіруін қажет етпейтін жеке пікір", – деп мәлімдеді аудиторлар.

Университет студенттері де қаржылық шуға байланысты бірнеше мәрте сұрау салып, митинг өткізуді жоспарлағанымен, рұқсат ала алмаған. Оларға "бастарыңа бәле іздемеңдер" деген жауап алған.

Аудит 2017-2023 жылдар аралығындағы университет қаржысын тексеру бойынша жүргізілген, бұл кезде университетті Катсу басқарған еді.

Катсу болса іске қатысты: "Мені біліксіз, жемқорлыққа жол берген деп көрсетуді көздегендей әсер қалдырды. Сөйтіп 2023 жылы жұмыстан кеткенімді жуып-шайғысы келген сияқты", – деп жазды.

Назарбаев Университетіндегі қаржылық заң бұзушылықтар студенттердің жолақысына немесе стипендияға қатысты екенін айтады. Сонымен қатар, университетте басқару дауы да орын алуда. Белсенді студенттер университет басшылығына жемқорлықты тергеуді талап етіп, бірнеше рет митинг өткізуді жоспарлаған, бірақ рұқсат ала алмады. Аудит бойынша, университеттің қаржысы тиімді пайдаланылмаған, 25 миллиард теңге депозитке салынып, 30 миллиард теңге мақсатсыз жұмсалған.

Назарбаев Университетінің басшылығы бұл жағдайды тек қана сыртқы қысым ретінде бағалап отыр, ал студенттер тарапынан айтылған шағымдар әлі де тергеліп жатыр.

Фото: nu.edu.kz

Байланысты жаналықтар

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына қатысады

17.01.2025

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

28.08.2024

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

14.08.2024

Магистратура тестілеуінің қорытындылары жарияланды

10.08.2024

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2024
MalimBlocks
Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына қатысады

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Палата басшысы Әлихан Смайылов президент қабылдауында болды

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды және білікті мамандарды даярлауға баса назар аударуды тапсырды.

Магистратура тестілеуінің қорытындылары жарияланды

Биыл 39 мыңнан астам тест тапсырған

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған